"Министр болуды армандадым" деп айтпаймын – Нұрлан Ноғаев

20 Желтоқсан, 2019 355 0

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев өзінің жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді, – деп жазады «Спутник Қазақстан». 

«Министр болуды армандадым, армандамадым» деп айтпаймын. Қазақ «маңдайға бұйырған» – дейді. Сөйтіп, келіп отырмыз. Қазіргі кезде Энергетика министрлігі Елбасы мен Мемлекет басшысының қойған тапсырмаларын орындап келеді. Сондықтан бүгін келіп алып, барлығын ауыстырамын деп айтпаймын. Барлық азамат білімі мен біліктілігіне қарай өз орындарында жұмыс істеп жатыр», – деді Ноғаев журналистерге берген сұхбатында. 

Журналистермен жүздесуінде министр бос тұрған вице-министрдің бір орнына лайықты адамды тағайындайтынын айтты. Сонымен қатар, қарамағындағылар жемқорлық үшін сотталса, отставкаға кетуге дайын екенін де жеткізді. «Бұл – заң талабы. Бұл талапты қабылдауға міндеттімін», – деді Ноғаев. 

Кеше тағайындалған министр журналистерге кабинетіне әлі бармағанын жеткізді. Креслоны ауыстыруға қатысты сұраққа: «Жоқ, креслоны ауыстырмаймын. Ондай әдетім жоқ. Министр қызметіне тағайындайтынын күткен жоқпын. Өзім түнде ұшып келдім», – деді Ноғаев.

Дереккөз: turkystan.kz

Тегтер: НұрланНоғаев, министр

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.