Қазақ тазысын сақтау заңмен бекітілді
Қазақ тазысын сақтау заңмен бекітілді
Бұл туралы Energyprom.kz жазды, деп Newsroom.kz хабарлайды.
Ескеретін дүние, қазақ тазысын, яғни тазы тұқымын тек аңшылар ғана тірілте сақтай алатынын ескеру қажет.
Қазақ тазысы, «жеті қазынаның» бірі тазы тұқымының жойылып кету қаупі туралы мәселе бұрыннан айтылып та, жазылып та жүр. Биыл жыл басында бұл мәселені мүмкіндігінше барлық деңгейде талқылаудан өткізгенен кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ақорда сайтында хабарланғандай, ақыры «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Заң ежелгі қазақы ит тұқымдары — тазы мен төбетке қатысты.
Заңға сәйкес, құзіретті органның мамандандырылған ұйымы жанынан Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы құрылады. Орталық қазақы иттердің асыл тұқымды кітабын енгізу мен стандарттатын дайындау мәселелерімен айналысады.
Сонымен қатар, ҚР қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайтумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттік тапсырысты орындау үшін стратегиялық серіктестіктер, гранттар мен марапаттарға қатыса алады.
Заң нормаларын іске асыру үшін 1,4 млрд теңге қажет. Бұл соманы бөлу республикалық бюджет комиссиясының отырысында қолдау тапты.
Мұндай заңның қабылдануы қағаз жүзінде болса да, үміт сыйлайды, өйткені әзірге тазы тұқымының жағдайы мәз емес: тіпті таза тазылардың саны да белгісіз (кейбір деректер бойынша жүз елуге жуық). Осы ақшы иттерді сақтаумен айналысқан жалғыз адамдар аңшылардың өздері ғана еді.
© Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz