Жаңалықтар

Асхат Садырбай "қазақ біртуар ұлынан айырылып жатқанда, пранк жасамай тыныш отыра тұрмадыңыз ба?"

Асхат Садырбай "қазақ біртуар ұлынан айырылып жатқанда, пранк жасамай тыныш отыра тұрмадыңыз ба?"

Белгілі журналист Асхат Садырбай кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланың хайп үшін өзін-өзі тұтқындағаны үшін сынға алды. Ол туралы журналист Instagram парақшасына жариялаған, - деп жазады Newsroom+ақпарат агенттігінің тілшісі. Күні кеше қазақ елі арда азамат, халықтың қамын жеген журналист Бейсен Құранбектен айырылған еді. Оның өлімі ешкімді бей-жай қалдырмағаны анық. Сол күні қоғам белсендісі болып, елдің қамын жеп жүрген Ахметбек Нұрсиланы "тұтқындау операциясы" тарап үлгерген болатын. "Әкемізбен жасты адам. Кеше қалың қазақ біртуар ұлын жоқтап жатқанда, бұл әлгі дебаттан кейін не істерін білмей, сасқан үйрек артынан сүңгидінің керін құшты. Пранк жасапты. Халықтың бірлігін сынап көргім келді дейді. Халықтың бірлігінде сіздің бұрын қалай шаруаңыз болмаса, енді де болмай-ақ қойсын! Қазақтың басына қиын күн түскенде көрмегем сізді. Кеше әруақ сыйлап қайғырмасаңыз да, үнсіз отыра тұрмадыңыз ба?",- деп жазған Асхат Садырбай. Сондай-ақ ол "пайдасыз кісілерді, өзіңіздің құрдастарыңызды зейнеткерлікке шақырып, сол жаққа қарай жол бастаңыз. Сіздердің дәурендеріңіз өтті. Елді адастырып, алалауды доғарыңыз!"-деп жазады. Еске сала кетсек, әлеуметтік желілерде тараған видеода белгілі кәсіпкер оны арнайы жасақтың киіміндегі адамдардың ұстап әкеткен. Ертеңіне Ахметбек Нұрсила оқиғаны халықты тексеру үшін ойлап тапқандығын айтқан болатын.