Көбелектің кеселі (Жігіттерге кеңес)
Көбелектің кеселі (Жігіттерге кеңес)
Жастау шағымызда Мұхаңның:
Көбелектің кеселі,
Тұрақсыздық деседі.
Гүлдан алған әсері,
Екінші бір, гүлге бармай өшеді-деген жыр жолдарын мағынасын түсінбей жиі оқитынбыз.
Сөйтсек көбелек байғұс әдемі гүлдерден көзін тыйялмай гүлден гүлге қонып жүріп, тояттамай өмірі өтеді екен ғой.
Негізі менің айтқым келгені мынау еді……Өмірге заманының заңғары болатын текті ұрпақ әкелу кез-келген қазақ жігітінің арманы-деп ойлаймын.
Оған бүгінде не кедергі?
Бірде теледидардан Голландияда өсетін асыл тұқымды аталық бұқалардың фермасын көрсетті. Сайдың тасындай асыл тұқымды бұқалардың бойынан бір мін таппайсың.
Су, жемі алдында тұрған Зеңгі баба түлігінің күйіс қайтаруы да бөлек қой шіркін. Бірақ асыл тұқымды аталық бұқалардың арасында тұрған ұрғашы сиырларды көзіміз шалмады.
Оның себебін маманнан сұрағанда, жауабы тіпті таң қалдырды.
Кез-келген еркек аталықтың күш қуаты көзінде болады. Ұрғашы сиырды бұқаның көз алдына көлбеңдетіп қойсаң одан асыл тұқымды бұзау тумайды. Сондықтан біз асыл тұқымды аталық бұқалардың көзін сақтаймыз.
Тек сиырлар күйлегенде ғана шағылыстырамыз.
Біздің асыл тұқымды сиыр өсіру фермасының бар құпиясы осында, әрі ол ғылыми дәлелденген-деп қояды маман. Мал екеш малдың өзінен асыл тұқым алу үшін, еркек аталықтың көзін тиып отыр.
Бұл ақыл есі бүтін адамға берілген сабақ емес пе? Бүгінде әр қазақтың арманы Абайдай алып ұрпақты өмірге әкелу. Бірақ біз Құнанбайдай көзімізді арамнан тыйя алдық па? Ақ некелеп алған асыл жарын місе тұтпай, орманға қарап ұлыған қасқырдай, көзі басқаға түсіп жүрген қаншама көкжал нәпсілер жүр арамызда.
Сенсарлы телефон бүгінде еңбектеген баладан, еңкейген кәрінің қолында. Интернеттің лимиті шектеусіз. Смартфоныңның бетін аша қалсаң тотықұстай таранған небір сылқым сұлулардың суреті. Толған порнографиялық, эротикалық сайттар. Қадағалап жатқан ешкім жоқ.
Ғаламдану дәуірінде біз секілді дамушы елдердің өмірге асыл, текті ұрпақ әкелуі тиімсіз. Тек ойы ішіп-жеуден әрі аспайтын тұтынушы тұрғын ғана қажет.
Заманында ербалармен қыздарға бөлек дәріс берді. Құран жаттап жатқан кішкентай қари балалардың өзін жеке тәрбиеледі.
Себебі? Көзіңді тыйсаң көңілің тынышталады, көңілің тынышталса өмірің дұрысталады. Текті ұрпақтың әкесі болғың келсе, көзіңді тый. Сіз не айтасыз?…..
МАҚСАТ СҚАҚОВ.