Түркістан: Сарыағаш ауданында көмірдің жеткілікті қоры бар
Түркістан: Сарыағаш ауданында көмірдің жеткілікті қоры бар
Сарыағаш ауданында көмір тапшылығын жою мақсатында біршама жұмыстар атқарылып, көмір қоры тұрақталған, деп newsroom.kz хабарлайды.
Тарқата айтсақ, желтоқсан – қаңтар айларында ауа райының күрт суытуына байланысты, жылыжай шаруашылығына біршама қауіп төнген. Төтенше жағдайларға байланысты 2023 жылдың 1-27 қаңтар аралығында ауданға 481 вагон, яғни 33 мың 189 тонна көмір жеткізілді. Ал бүгін ауданға қосымша 69 вагон көмір келіп, тағы 181 вагон ауданға бағыт алған.
Қазіргі таңда аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, жылыжайлардағы өнімдерді аман алып қалу үшін бірінші кезекте осы шаруашылықтарға көмір жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Айта кетсек, темір жол тұйықтарына жеткілікті мөлшерде көмір келген. Бүгінде аудан шаруаларының жылыжайларға көшет отырғызу жұмыстарын бастауға негіз бар. Жалпы ауданда 683,2 га жылыжай орналасып, оның 400,0 га жуығы жылытылмақ.
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі