Дүниежүзілік метрология күні. Бұл күн өркениетті елдердің бәрінде арнайы түрде аталып өтеді. Атап айтқанда түрлі кездесулер, семинарлар, дөңгелек үстелдер түрінде көрініс тауып, әр ел өздерінің метрология саласында жүргізген жұмыстарының қорытындысын шығарады. Сондай-ақ өзара тәжірибелерімен бөлісіп, маңызды деген мәселелер талқыға түсіп отырады.
Джинс шалбарының туған күні.Осыдан 140 жыл бұрын 20 мамырда Levi Strauss & Co фирмасы джинс матасынан жасалған киімге патент алып, оны тіге бастады.
20 мамырда әлемде болған оқиғалар
1873 жылы әлемде алғаш рет джинсы шығарыла бастады;
1899 жылы Америка физика қауымдастығы құрылды;
1927 жылы америкалық ұшқыш Чарльз Линдберг тоқтамай Атлант мұхитын ұшып өтті;
1970 жылы Ұлыбританияда алғаш рет аты аңызға айналған The Beatles тобының Let it Be фильмі көрсетілді.
20 мамырда Қазақстанда болған оқиғалар
1940 жылы Шығыс Қазақстан облысында "Шығыс сақинасы" жол құрылысы басталды;
1994 жылы Талғар қаласында Тұрар Рысқұловқа ескерткіш орнатылды;
2000 жылы "Алпамыс батыр" жырының 1000 жылдығы республика көлемінде тойланды;
2011 жылы Астанада белгілі дін қайраткері, ойшыл Шейх Кунта-қажы Кишиев атындағы жаңа мешіттің ашылу рәсімі өтті;
2016 жылы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген толықметражды "Сағадат Нұрмағамбетов. Соңғы сұхбат" атты деректі фильмі Севастопольде 14-19 мамыр аралығында өткен деректі фильмдер мен телебағдарламалардың ХІІ халықаралық "Бірге жеңдік" кинофестивалінде жүлделі орынға ие болды. Туынды Кеңес одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің өміріне арналған.