Риддердегі жылу электр орталығында тағы да апат: келесі қай қала?
Риддердегі жылу электр орталығында тағы да апат: келесі қай қала?
Екібастұзды жылумен қамтамасыз етуді түзеп болғаны сол еді, енді Риддерде осындай мәселе басталды. 19 қаңтарда Риддердегі ЖЭО-да өрт шықты, деп newsroom.kz хабарлайды.
Тұрғындарға жылу жүйесіндегі температураның төмендегені туралы ескертілді.
Бұл соңғы үш айда жылу электр орталығындағы үшінші төтенше жағдай. 2022 жылдың қараша–желтоқсан айларында болған оқиғаларға сорғы стансасын су басып, электрмен жабдықтаудағы ақаулар себеп болса, енді қаланың бас ЖЭО-да отынмен қамтамасыз ету цехы өртеніп кетті. Бір жылыту маусымында үш түрлі мәселе шықты.
Шығыста болған төтенше жағдай ҚР-ның барлық электрмен жабдықтау жүйесіне әсер етеді. Егер Риддер ЖЭО-да жабдықтардың тозу деңгейі, ШҚО әкімдігі ақпарат орталығының мәліметінше, 74,5% болса, Қазақстанның жылу-энергетика саласындағы негізгі қорлардың жалпы тозу деңгейі — 71,8%.
© Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz