Жаңалықтар

Америкалық шіркеу басшысы "киелі суды" ойыншық қарумен шашқан

Америкалық шіркеу басшысы "киелі суды" ойыншық қарумен шашқан

Американдық дін басшысы елдегі төтенше жағдайға байланысты өз қызметін, заңның аясында атқарған. Өз еліндегі карантин кезінде шіркеуге келушілерге "киелі суын" балалардың ойыншық қаруымен шашып отырған. Бетіне бетперде тағып, қолына бір реттік қолғабын киіп, көліктерімен келген сыйынушыларға 1,5 метрлік арақашықтықтан су бүркіген. Осы әрекеттерімен Тимоти Пелк атты дін қызметкері ғаламтордың жұлдызына айналған. Дін қызметкері әлемге тараған коронавирус індетінен сақтану үшін жаңа әдіс ойлап тапқан. Өзі 70 жастан асып кеткендіктен, індеттен сақтанудың креативті діни рәсімін жүргізуді қолға алған. Шіркеуге келушілер жеңіл көлікпен қарсы алдына тоқтап, әкей беттеріне суды ойыншық қарумен атады. Кейбіреулері Пасхаға арналған себет пен жұмыртқаларды да ала келеді екен. Әкей қаруымен оларға да су шашады. Дін басшысының діни рәсімі қызықты өткен. Сондай-ақ оның бұл әрекеті лезде ғаламторда таралып, әзілге айналып үлгеріпті.