Жамбыл облысында есірткі қылмысын ашу барысында қару-жарақ сақталған орын табылды
Жамбыл облысында есірткі қылмысын ашу барысында қару-жарақ сақталған орын табылды
Жамбыл облысында есірткі қылмысын ашу барысында қару-жарақ сақталған орын табылды, – деп Newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Төле би ауылында бос қалған ғимараттың ішінен арсенал қару-жарақты тапты.
Полицейлер жартылай автоматты тегіс ұңғылы Mossberg мылтығын, екі тегіс ұңғылы ИЖ-16 мылтығын, екі ұңғылы ТОЗ-16 екі шолақ мылтықты, төрт ұңғылы ПБ-4 Оса тапаншасын, Револьвер Reg agent газ тапаншасын, ПМ тапаншасын, жарық дыбыстық гранаталар мен оқ-дәрілерді алды.
Табылған ПМ тапаншасы қаңтар оқиғалары кезінде Полиция департаментінің қоймасынан ұрланған екен.
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірхановтың ақпаратына сүйенсек, есірткіге қарсы күресушілермен жыл басынан бері төрт қару-жарақ орны табылды.
Жақында ғана Тараз қаласы “Тектұрмас” кесенесінің аумағында және Ниетқалиев көшесінің бойындағы салынып бітпеген үйдің жертөлесінен газды-травматикалық тапаншалары, ПМ тапаншасы, Benelli САТ 13299 карабин, екі ұңғылы аңшылық шолақ мылтық, жарық дыбыстық және газ шашатын гранаталар, оқ-дәрілер жасырылған екі орын табылды.
Алынған қару-жарақтың кейбіреулері Алматы қаласындағы қару-жарақ дүкені мен екі Полиция департаментінің қоймасынан ұрланғандар қатарында. Осыдан бір күннен кейін Талдықорған қаласында есірткі өткізушінің пәтерін тінту барысында газ пешінің ішінен есірткі салынған пакет, шарықшақты граната және оқ-дәрілер табылған.
Барлық дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-баллистикалық сараптамалар жүргізіліп жатыр. Ведомствода қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыру, сондай-ақ қару-жарақ жасырылған жер туралы мәліметтерді хабаралау, егер құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, заңмен қудаланбайтындығын ескертті. Есімдердің жарияланбайтындығына кепілдік беріледі.
Фото: polisia.kz