Ешқашан ұйықтамайтын адамдар

15 Желтоқсан, 2019 337 0

Адамның ұзақ уақыт ұйқысыз жүре алмайтыны белгілі болса да, осы бағытта түрлі зерттеулер мен сынақтар жасалған, жасалады да. 

Ұйқыға әсіресе әскери дәрігерлер қатты шүйліккен. Олар адамның миын түрлі әдістермен «алдап», оның ұйқыға деген қажеттілігін жоюға барын салды.  Дегенмен, жауынгерлер әрі кетсе бірнеше күн шыдап, артынша терең ұйқыға кететін. Осы ұйқы мәселесімен зертханаларда талай атжалмандар да «зардап шекті». Ғалымдар бұл жануарларды түрлі механизмдер арқылы мәжбүрлеп жүгіртіп, ұйықтатпауға барын салды. Бірақ, атжалмандар екі аптадан кейін түрлі ауруларға ұшырады. Ағзадағы зат алмасу процесі бұзылып, ішкі органдары істен шыға бастады.  

Абсолютті ұйқысыздықтың алғашқы жағдайларының бірі XIX ғасырдың соңында тіркелген. Д.Джонс есімді фермер әуелі 3 айды ұйқысыз өткізді. Бір жылдан кейін бұл тағы да қайталанып, Джонс 131 күн ұйықтамады. Дәрігерлерді таңқалдырғаны – фермер өзін жап-жақсы сезінетін. 

1960 жылдары Испанияда мынадай оқиға орын алған. Ұйқысыздықтан әбден зәрезап болған бір кедей Мадридке арнайы барып, астаналық дәрігерлерге көрінгісі келді. Бірақ, кедейлігі соншалық, тіпті билет сатып алатын ақшасы да болмаған. Сөйтіп, Мадридке дейін 200 шақырым жаяу жүріп өтті. Алайда, бұдан түк те шықпады. Ұйқысыздық сол күйі емделмеді. Дәрігерлердің қолынан келген жалғыз көмегі – пациентке қайтарға билет сатып алып берген. 

Screenshot_31.jpg

75 жастағы Тхай Нгокты бүкіл Вьетнам таниды. Ол 40 жылдан бері мүлдем ұйықтамай жүрген көрінеді. Дәрігерлердің пайымдауынша, барлығы оның 70-ші жылдардың ортасында безгек ауруына ұшырауынан басталған. Тіпті емделіп шыққаннан кейін де ұйықтай алмай азар да безер болады.  Тіпті талай рет дәрі мен алкоголь ішіп, ұйықтауға әрекет жасады, бірақ нәтиже жоқ. Тхай Нгок ұйықтамайтынына қарамастан түрлі  физикалық жұмыстарды атқарып, ауыр заттарды таситын. Ұйқысынан бос уақытын ауыл шаруашылығына арнайды. Әйткенмен, ғалымдардың пайымдауынша, Тхай Нгокта «микроұйқы» деген құбылыс кездесуі мүмкін, яғни вьетнамдық азамат бірнеше минут немесе секундқа қалғып кететінін өзі де байқамай қалатын секілді. 

Дереккөз: oinet.kz

Тегтер: ұйқы, адам, зерттеу

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.