Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет адалдық сағатын онлайн форматта өткізді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет адалдық сағатын онлайн форматта өткізді

ашық дереккөзі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет: "Адалдықты мұра еткен ұлы Абай" Жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тоқсан сайын «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өткізілуде. Кезекті республикалық деңгейдегі акция ағымдағы жылдың 18-ші мамырында ұйымдастырылды. Қалыптасқан жағдайда бұл жолғы «Адалдық сағаты» дәстүрлі түрдегі кездесулердің орнына онлайн форматта өтті. Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай онлайн дәрістің тақырыбы «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» деп анықталды. Дәріс жас ұрпақты әділ, әрі парасатты болуға шақырған ұлы ойшылға арналды. Президент Қ.Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайды білу – өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы – жетілудің көрінісі. Бүгінде Абайдың сөзі жас ұрпақтың бағдары болуы тиіс», – деп атап өтті. Аталған акция аясында облыс бойынша жоғарғы оқу орындары және колледждердің 1-курс студенттері мен 9-11 сынып оқушылары қатыстырылды. Барлығы 500-ден астам оқу орындарынан 14 мыңға жуық оқушылар қамтылды. Акция аясында білім алушыларға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен арнайы екі тілде әзірленген бейне-дәрісті көрсету ұйымдастырылды. Мұнымен қоса, бейне-дәрістер екі тілде республикалық «EL ARNA» және «Balapan» телеарналары, Агенттіктің Youtube-арнасы мен оның Департаменттің, «SARYARQA – ADALDYQ ALAŃY» жобалық кеңсеcінің әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы көрсетілді. Қоғамда парасаттылық идеологиясын насихаттау бойынша Департаментпен жүргізілетін жүйелі жұмыстар өз жалғасын табатын болады. https://www.youtube.com/watch?v=ZSM38Eh37YQ  

Жүктелуде...