Әншінің күйеуі мүгедек қызды зорлаған (видео)

13 Желтоқсан, 2019 413 0

Алматыда мүгедек қызды  зорлап, көп ұзамай ұсталған  қаныпезер, қорғансыз жанды  бір аптаның ішінде бірнеше рет  қорлаған. 

Бұл туралы «Немолчи» қорының жетекшісі Дина Смаилова мәлімдеді. Ал, соңғы рет көршісін  5 сағат бойы азаптаған. Азғыннан  әрең қашып құтылған бойжеткен полицияға шағым түсірген. Күдіктінің қызы ауандыққа барған әкесін ең қатал жазаға тартылуын сұрады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Алматылықтарды дүр сілкіндірген оқиға қарашаның 29 күні болған еді. 53 жастағы ер адам кембағал жанды гаражға сүйреп апарып, 5 сағат бойы азаптаған. Ол қызға айтқандарын істемесе «өлтіріп, көміп тайтаймын»- деп қорқытқан. Жәбірленуші тек бірнеше сағаттан кейін әрең қашып шығыпты. Жәбірленуші ауруханадан шыққан соң қарашаның 26 және 27 күндері де зорлағанын мәлімдеген.

Тегтер: Алматы, әнші, мүгедек, зорлық

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.