Елімізде бие сүтінен жасалған майонез сатылымға шықты

12 Желтоқсан, 2019 264 0

«Майонез» дегенді жеп көрмеген жан жоқ шығар, сірә. Ал бие сүтінен жасалған тұздықтың дәмін татып па едіңіз? Қалыс естіген жоқсыз?! Еліміздегі тамақ өнеркәсібінің алпауыты жаңа жыл қарсаңында жаңа өнім ұсынып отыр.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақтың саумалы араласқан майонез, дүкен сөрелеріне сатылымға шығып та үлгерді. Технологтардың айтуынша, ана сүтімен пара-пар бие сүтінің барлық пайдалы дәрумендері сақталған.

Саумал және майонез. Дәстүрлі һәм заманауи ұғымдар. Екеуі ұтымды қосылып, ұлттық дәстүрдің дәмі ретінде бір өнімге айналды. Енді Мерекелік провансальда бие сүтіндегі дертке дәру болатын 40 компоненттің бәрі бар.

«Бұл өнімді өндіруге бізге бір жылдай уақыт жұмсалған болатын. Бие сүті дәрумендерге, ферменттерге, аминқышқылдарына және тағы да басқа компоненттерге бай. Осыған байланысты бастапқа күйін сақтаған шикізат көзін табу бізге мақсат болды», - деді технолог Мадина Кәметбекова. 

Сублимациялық кептіру инновациялық технологиясы бие сүтінің құрамындағы аминқышқылдарды, дәрумендерді, микроэлементтерді сол күйінде сақтап қалады. Ал майонезді ыстықтай құю тағамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді әрі өнімді ұзақ мерзімге дейін қоспаларсыз сақтауға мүмкіндік береді. Компания қызметкерлерінің айтуынша, мұндай технология өндірушілерге қымбат болған соң, басым бөлігі басқа әдіспен жасайды. Ал бұл компания үшін басты талап - сапа.   

«Біздің өнімдеріміздің сапасы мен ерекше дәмін қазақстандық тұтынушылар жоғары бағалайды. Бірнеше жылдан бері тауарларымызға алыс жақын шетелдерден де сұраныс көп. Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты оннан аса мемлекетке экспорттаймыз. Соңғы он жылдың ішінде өндіріске құйылған инвестиция көлемі 80,5 млн доллардан асады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бас аяғы 140 мың тонна тауар өндірілген», - деді компания төрағасының орынбасары Иван Колесников. 

Әр мерекеде, әр дастарханнан табылатын тұздық, қыша, кетчуптарына енді қазақи нақыштағы қаптамамен мерекелік провансаль да қосылды. Саумалды сағынсаңыз, дәмін татыңыз!


Тегтер: Майонез, Қазақстан, тұтынушы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.