«Төсекте тәжірибең жоқ»: Сүйіктісі тастап кеткен жігіт сырын айтты

11 Желтоқсан, 2019 747 0

Төсекте тәжірибесі болмағаны үшін сүйіктісі тастап кеткен жігіт жанайқайын жеткізді. Оның ғашық болып, қол ұстасқан қызы өзінен 3 жасқа кіші болған. Екеуі алғаш рет жақындасқаннан кейін сүйіктісі хабарласуды доғарып, жауапсыз кеткен.

«Біз жақта қыздың пәктігіне аса мән берілмейді. Сондықтан мен оны жар етуге дайын болдым. Дегенмен, екеуміздің алғаш бірге болуымыз оның көңіліңінен шықпапты. Соңғы рет хабарласқанымда, менімен бірге болғыцсы келмейтінін, маған әлі көп тәжірибе керек екенін айтып, тұтқаны қоя салды. Қандай жағдайда да, оның шындықты айтқаны дұрыс болды ма, жоқ па түсінбей жүрмін», -дейді аты аталғанын қаламаған талдықорғандық жігіт.

Жігіттің айтуынша, арадан көп уақыт өтпей, сүйгенін өзінен біршама үлкен еркекпен көрген соң, үміті біржолата үзіліпті. Ол мұндай күтпеген жағдайдан қатты соққы алған. Кейінгі кезде қыздардың қатты өзгергеніне таңғалатынын айтып кейиді. Өзіне сенімін жоғалтқан оның енді қыздармен көңіл қосқысы келмейді. Өмірден түңіле бастаған жігіт жұмысы мен тұратын қаласын ауыстыруға бел байлаған.


Тегтер: төсек, сүйікті, жігіт, тәжірибе

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.