ҚР Қорғаныс министрлігінде әскери спортшыларға құрмет көрсетілді

11 Желтоқсан, 2019 139 0

Қазақстан Қорғаныс министрлігінде 2019 жылдың қорытындысы бойынша Армия орталық спорт клубының әскери спортшыларына құрмет көрсету рәсімі өтті.

Жыл бойы халықаралық жарыстарға қатысып, бақ сынаған әскери спортшыларға мерзімінен бұрын әскери атақтар, наградалар, сыйлықақылар мен алғыс хаттар табысталды.

«Қазақстанның әскери спорты жылдан жылға белсенді түрде жетістіктерін арттыруда. Біздің әскери қызметшілер тұғырдан түспей, рекордтар жаңартып келеді. Барлық сәттіліктердің Қарулы Күштерімізбен байланысты болғанын қалар едім. Халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрсіздер. Сонымен қатар осы халықаралық жарыстарда да бәрі Сіздердің Қарулы Күштердің тәрбиеленушілері екендеріңізді білуге тиіс», - деді ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев спортшыларға арнаған сөзінде. Сонымен қатар, министр оларға сарқылмас қуат пен жаңа жеңістер тіледі.

Спортшылар арасында алғыспен атап өткендердің бірі – ҚР ҚК қызметкері Жандос Мадехиянов болды. Ол 2019 жылғы жастар арасында өткен қоян-қолтық күрестен әлем чемпионы атанды.

«Бала күнімнен спорт пен әскери ортаға деген қызығушылығым болды. Біз түрлі жарыстарға қатыстық. Осы жылғы еңбегімнің бағаланғанына қуаныштымын. Менің жетістіктерім марапатқа ие болып, жоғары бағаланды», - деп спортшы атап өтті.

 Бұдан өзге, халықаралық санаттағы қазы майор Аманжол Рахметовқа мерзімінен бұрын «подполковник» әскери атағы берілді. Халықаралық санаттағы қазы мәртебесін алған майор Еркебұлан Түсіпханов «Халықаралық ынтымақтастыққа үлесі қосқаны үшін» медалімен марапатталды.

Олимпиада чемпионы, Қытайда өткен Бүкіләлемдік әскери ойындарының жеңімпазы, жеңіл атлетші майор Ольга Рыпаковаға, халықаралық санаттағы спорт шебері, ҚР бес дүркін чемпионы, боксшы Теміртас Жүсіповке және Азия жүлдегері, Бүкіләлемдік бокс (WSB) сериясы бойынша екі мәрте чемпион атанған Асланбек Шынбергеновке, таеквондодан Азия чемпионаты мен Азия ойындарының күміс жүлдегері кіші сержант Руслан Жапаровқа сыйлықақы берілді.

Сонымен қатар, V Халықаралық қоян-қолтық күресінің турнирі мен ҚР Тұңғыш Президенті кубогына өткен армияның қоян-қолтық күресінің жеңімпазы қатардағы жауынгер Сора Рахмонова алғыс хат алды. АОСК-ның жаттықтырушысы капитан Олжас Ақбаевқа грамота берілді.

Тегтер: Қорғанысминистрлігі, спорт

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.