Экология министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Ұлттық музейінің баға жетпес жәдігерлерімен танысты
Экология министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Ұлттық музейінің баға жетпес жәдігерлерімен танысты
Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне экскурсия ұйымдастырылды, деп newsroom.kz хабарлайды.
Экология министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Ұлттық музейінің негізгі қорын құрайтын баға жетпес артефактілермен танысты.
Мысалы, «Алтын киімдегі Сақ жауынгері» - еліміздің нағыз символы, оның көшірмелері мен мүсіндік композицияларын республиканың әртүрлі қалаларында кездестіруге болады.
Тарих көрсеткендей, мемлекеттер бос жерде, ештеңеден пайда болмайды, ғасырлар бойы бой түзейді. Тәуелсіз мемлекетіміздің шаңырағын шайқалтпай сақтау – біздің парызымыз да, қарызымыз да.