Өнер академиясы Бибігүл Төлегенованың туған күнін тойлады

11 Желтоқсан, 2019 243 0

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Қазақ КСРО Халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік еңбек ері, қазақтың бұлбұл әншісі - Бибігүл Төлегенованың 90 жылдық мерейтойы атап өтілді.

«Замана бұлбұлы» деп аталған концерттік бағдарлама мерейтой иесінің шәкірті, өнердегі «баласы»,  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚҰӨА профессоры – Толқын Қалиқызы Забированың бастамасымен ұйымдастырылған. Сәйкесінше, ән кешінде профессордың шеберлік сыныбында білім алып жатқан шәкірттері өнер көрсетті.

Кеште Бибігүл Төлегенованың репертуарындағы әндер шырқалып, аңыз әнші туралы мерейтойлық фильм көпшілік назарына ұсынылды. Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері туған күні тойланып жатқан Бибігүл Төлегенова 16 желтоқсанда 90 жасқа толады.

Тегтер: Өнеракадемиясы, БибігүлТөлегенова, 90жас

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.