Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жаңа «5-10-20» бағдарламасымен баспана кімдерге беріледі

Жаңа "5-10-20" бағдарламасымен баспана кімдерге беріледі

Жаңа «5-10-20» бағдарламасымен баспана кімдерге беріледі
ашық дереккөзі
Табысы әрбір отбасы мүшесіне шаққанда 3 күнкөріс минимумынан аспайтын азаматтар "5-10-20" бағдарламасы бойынша баспана ала алады, деп мәлімдеді үкіметтегі брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов,- деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Caravan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.  Ал табысы төмен, 1 күнкөріс минимумына дейінгі, әр отбасы мүшесіне 31,2 мың теңгеден келетін азаматтар арендалық баспана алады. Табысы 2 күнкөріс минимумына немесе 62,4 мың теңгеге жететіндер баспананы 2-10-20 деген "Бақытты отбасы" бағдарламасымен ала алады, - деді министр. Министр айтқандай, бұл жердегі басты идея – баспанасы жоқ әрбір қазақстандыққа баспананы өз табысына сай талаптармен алуға мүмкіндік беру. Іріктеу қазақстандықтардың әлеуметтік санаттарымен емес, нақты табысы бойынша жүргізіледі. Мәселен, табысы 3 күнкөріс минимумына жететін немесе әр отбасы мүшесіне 96,7 мың теңгеден келетін азаматтар "5-10-20" бағдарламасымен баспана алады. Ал табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 3,1 күнкөріс минимумынан асатындар екінші деңгейлі банктердің "7-20-25" бағдарламасына қатысады, деді Атамқұлов.