Оппозициялық партия құрмақ болған Ахметбек Нұрсиланы арнайы жасақ ұстап әкетті
Оппозициялық партия құрмақ болған Ахметбек Нұрсиланы арнайы жасақ ұстап әкетті
Ұсталар алдында ғана ол Италияда бой тасалап жүрген оппозиция өкілі Ержан Тұрғынбаймен дебатқа шығып, өзінің билікті қолына ала алатынын эмоцияға беріле отырып мәлімдеген болатын.
https://www.youtube.com/watch?time_continue=8&v=Nr9dUWxfeT4&feature=emb_title
Қазір әлеуметтік желілерге кеше кешке белгілі қоғам белсендісі, кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланы құзырлы орган өкілдерінің ұстап әкеткені туралы қысқа видео тарай бастады, - деп жазады NewsRoom+ тілшісі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, Ахметбек Нұрсила кейінгі кезде партия құрамын деп белсеніп, әлеуметтік желілерде билікке қарсы сыни пікірлер айтып, саяси сұхбаттар бере бастаған еді.
Тіпті, осы ұсталар алдында ғана ол Италияда бой тасалап жүрген оппозиция өкілі Ержан Тұрғынбаймен дебатқа шығып, өзінің билікті қолына ала алатынын эмоцияға беріле отырып мәлімдеген болатын.
Қазір оны арнайы жасақ сарбаздарының «қолтықтай» кеткенін туыстары мен шәкірттері растап отыр. Ресми ақпарат енді шығып қалуы тиіс.