Жаңалықтар

Жаңа көмілген қабырды қазған жігіт сұраққа алынып жатқан адамды көрген…

Жаңа көмілген қабырды қазған жігіт сұраққа алынып жатқан адамды көрген…

Жаратқанның құлдары имандылыққа әр түрлі жолдармен келеді. Бір адамдар туылғаннан иманды, енді біреудің басына таяқ тигенде, теперіш көргенде Тәңірісі есіне түседі, деп newsroom.kz жазады oinet.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

«Осы заманның жібі түзу адамы сияқты бұл жігіт те ешкімге жамандық жасап, кісінің ала жібін аттамаса да мұсылмандықты ескіліктің қалдығы деп білетін. Дін парыздарын салт-жоралғы сияқты қабылдап, Құран оқу, намаз оқу, Ораза ұстау дегенді үлкендерден қалған дәстүр сынды көретін еді.

Сөйтіп жүргенде қалалық әкімшілікте істейтін осы азамат бір күнде Алланың жолына түсті.

Адам өмірден озғанда арулап жуып, ақ кебінге орап, о дүниеге аттандырып салады ғой. Мұсылмандыққа мәйітті жерлеуге тек ер кісілер баратыны белгілі. Жаңағы жігіт те жұртпен бірге жақынын жерлеуге мазаратқа барады. Жаназа шығарылып, ет жақындардың қатарында көрге бірнеше адамның бірге түсіп бақиға аттанған адамды мәңгілік мекеніне қойысты.

Осыдан кейін мәйітшілермен қосылып қайтыс болған кісінің отбасына оралғанда, жамбас қалтасында жүрген әмияны жоқ екенін байқап, айналасындағылардың сұрастырып, әбден әлекке түседі.

Әмиян жоғалтқан жігіт жүрген жолын, басқан қадамдарының бәрін екшей келе, бүкіл маңызды жеке құжаттары мен қаражаты бар дүниесі көрде қалғанын сезеді.

Адамға емес, қағазға сенетін мына қоғамда жоғалған құжаттардың бәрін қайта жасату қиямет-қайым екенін екінің бірі біледі ғой. Содан жаңағы жігіт молдалар мен үлкен кісілерден бірнеше сағат бұрын көмілген көрді қайта қаздыруға рұқсат сұрайды.

Ауылдың имамы Аллаға жалбарынып, кешірім дұғасын оқып болған соң, әлекейдей жаланған бірнеше еркек жаңа моланы қайта ашады.

Әрине, бала кезімізде осыған ұқсас оқиғаларды әр қайсысымыз да естіп өстік. Бір жаратқан иенің бар екенін әр үйдегі иманы бар үлкендер ұдайы айтып отырады.

Алайда, адам баласы қалай болғанда да пенде емес пе?! Басқа түспей, көзбен көрмей Алланың бар екеніне күмән келтіруін қоймақ емес.

Сонымен әлгі жігітпен қосылып қабір қазғандар адам айтса нанғысыз сәтке куә болыпты.

Бірнеше сағат бұрын қабірге қойылған мәйіттің үйін қайта ашқанда жерленген адам отыр!.. дейді. Қолында ағаш кісен бар. Бір топ адам мұны көргенде төбе шаштары тік тұрса да, тілдерін кәлимеге келтіріп, Құрандарын тоқтатпай оқып, отырған мәйітті қайта орнына жатқызғанда қолындағы ағаш кісен жоқ болып кетеді.

Топырағы кеппеген моланы ашқандар әмиянды тапқанымен, жүздері ақ қағаздай қуарып, бір бірімен ләм-мим деп бір ауыз тілдесуге шамалары келмей, қайтып келеді.

Сол әмиянның иесі де бала кезінен ана дүниеде сұрақ-жауаптың болатынын естіп өссе де, осыны үш ұйықтаса түсінде көрмегені ақиқат.

Осы оқиғадан кейін әкімшілікте қызмет атқарып жүрген азамат бір ауыз сөзге келместен, ешкімнің уағызын тыңдамай-ақ, бір-ақ күнде имандылық жолын таңдады.

Фото: oinet.kz