Сұмдық! Түркістан ауруханасында әйелді ұрып-соққан (Видео)
Сұмдық! Түркістан ауруханасында әйелді ұрып-соққан (Видео)
Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Арыс қаласындағы орталық ауруханада болған жаға ұстатар жағдайдың видеосы пайда болды. Бейнежазбадан қорғансыз әйелге ғимарат ішінде бірнеше ер кісінің тап беріп, бірі тіпті күш қолданғанын көруге болады, деп newsroom.kz хабарлайды exk.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
Видеоны @egov.press Telegram-каналы жариялады. Ондағы мәліметке сүйенсек, Марзия Құлыбекова есімді тұрғын бас дәрігердің бейберекет әрекетін видеоға түсіріп алған көрінеді. Алайда осыдан кейін медицина мекемесінің заңгері мен үш хирург дәрігер әйелге тап беріп, оның ұялы телефонын тартып алмақ болыпты. Тіпті келіншекті ұрып-соққан екен.
Бейнежазбадан белгісіз адамдардың аурухана ғимаратында әлденеге келіспей тұрғанын көруге болады. Баспалдақ тұсында ер кісі әйелге қол жұмсайды.
Видеоға сілтемеТүркістан облыстық Полиция департаментіндегілер, желіде қызу талқыланған видеоға қатысты түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, бұл оқиға 25 ақпанда аудандық полиция бөлімінде тіркелген. Жәбірленуші әйелге дене жарақаттарын анықтау үшін сот-медициналық сараптамадан өтуі керектігі айтылып, тиісті қаулы беріліпті. Алайда ол сараптамадан өтпеген және өзінің тұрғылықты мекен-жайында болмаған.
Тиісті іс құжаттарының жинақталмауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық мерзімі өтіп кеткен. Осыған байланысты әкімшілік іс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 741-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес қысқартылған, —делінген Полиция департаментінің мәліметінде.
Фото: exk.kz