Қытайда шөл жасыл алқапқа айналды
Қытайда шөл жасыл алқапқа айналды
Му-Ус шөлі - Қытайдағы ең басты төрт шөлдің бірі. Ол солтүстік-батыстағы Шэнси провинциясының картасынан жойылды. Себебі бос жердің 93,25 пайызы жасыл алқапқа айналды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Шөлдің аумағы 42 200 шаршы шақырым болатын. Бұрын бұл жерде ағаш болмады. Шөлдің шетінде орналасқан Юйлинь қаласы құмды желдің салдарынан үш рет оңтүстікке қарай көшуге мәжбүр болды.
1950 жылдары Юйлин қаласына орман алқабы 0,9 пайызды құрайтын, қазір ол 33 пайызға жетті.
Қазір жергілікті тұрғындар COVID-19 пандемиясы салдарынан жоғалтып алған уақыттағы жұмысты атқару үшін барын салып жатыр. Олар мамыр айының соңына дейін 400 гектар құмды жерге ағаш отырғызуды жоспарлап отыр.