Жаңалықтар

Бір жынысты үйленген адамдардың бірі «Қазақстан министрінің ұлы» деген рас па? (Видео)

«Қазнетте бір жынысты адамдардың үйлену тойының видеосы тарады, онда некеге тұрғандардың бірі – «Қазақстан министрінің ұлы» деп жазылған. Бұл жалған. Видеоның Қазақстанға қатысы жоқ.», – деп stopfake.kz хабарлайды.

[caption id="attachment_71939" align="alignnone" width="570"] width= Фото: stopfake.kz[/caption]

Бұл видео Желіде 2022 жылдың қараша айының басында шыққан. Оны Сирия мен Ливан қолданушылары таратқан. Түпнұсқа видеода қазақ тілінде емес, араб тілінде ән шырқалады.

Той үстіндегі видео - ссылкамен өтіп көріңіз

Ливан жаңалықтар порталдарының хабарлауынша, үйленіп жатқан адам сол елдің тумасы. Екінші некеге тұрған адамның кім екені белгісіз. Оның түрі видеода да көрсетілмейді.

Сондай-ақ жазуға назар аударғанымыз жөн – біздің елде «Қазақстан министрі» деген лауазым жоқ. ҚР Үкіметінің құрамына әртүрлі министрліктердің 19 министрі және бір Премьер-Министр кіреді.

Осылайша, бір жынысты адамдардың үйлену тойынан тараған видеоның Қазақстанға қандай да бір қатысы бар деуге ешқандай негіз жоқ. Алдымен ливандық қолданушылар жариялаған, ал ерлі-зайыптылардың жеке басы немесе ұлты белгісіз.

Фото: stopfake.kz