Күйеуін вахтадан күте алмаған әйел жезөкшелікпен айналысқан

10 Желтоқсан, 2019 759 0

Күйеуі бір ай вахталық жұмыста істейтін әйел саналы түрде жезөкшелікпен айналысқан. Енді ғана тұрмыс құрған әйелге басында бір ай көп уақыт көрінбепті. Құрбыларымен кездесіп, ата-енесінің жайын жасап уақыттың қалай өткенін де байқамаған. Тек отасқанына 2 жылдан асқан кезде ғана қалыпты өмірден жалыға бастайды.

«Жолдасым алғашқы жылдары бір айлық вахтада жұмыс істеді. Ол кездері маған ара қашықтық ас абайқалмайтын. Кейіннен, жұмыстан өсіп, вахта ауысым екі айға созылды. Ол кезде біз ата-енемнен бөлек тұратынбыз. Еркектің құшағын сағына бастаған ммен, жан-жағыма көз сала бастадым. Бір рет, екі рет, үш рет деген кездесулер жалғаса берді»,- деген алматылық келіншек өз атының құпия болғанын қалапты.

Оның айтуынша, арадан біраз уақыт өткенде жасы үлкен, қалталы азаматпен бір түнге көңіл жарастырады. Төсектен тояттанған еркек оған бір уыс ақша ұстатып кетеді. Осыдан кейін, ол өзінің ләззатын ақшаға айырбастауды әдетке айналдырған. Тәнін сатып, табысқа кенеліп жүрген әйел тек шақыртумен, пайдаланушыларды таңдап, саралап қана қызмет көрсетеді екен. Сондықтан, отағасымен араларында бала болғанын қаламапты. Күйеуіне айтпай бірнеше рет жасанды түсік жасатқан.

Алғашында көңіл көтеру үшін бастаған ісі ақырын әдетке айналғанын өзі де байқамай қалған әйел қазір өміріне еніп кеткен «түнгі тірлігін» тастау үшін неше түрлі әрекет жасағанымен, нәтиже жоқ екенін айтады.

Тегтер: отбасы, махаббат, жезөкшелік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.