Елордада акушерлік пен гинекологияға арналған шара басталды
Елордада акушерлік пен гинекологияға арналған шара басталды
Бүгін, 2022 жылғы 9 желтоқсанда, елордада "Амбулаториялық кезеңде акушерлік - гинекологиялық көмек көрсетудегі мультидисциплинарлық тәсіл" атты ғылыми-практикалық конференция жұмысын бастады, деп newsroom.kz хабарлайды.
Іс-шараны Астана Медицина Университеті елордалық акушер-гинекологтар Федерациясымен бірлесіп ұйымдастырды.
Конференция барысында мынадай өзекті мәселелер талқыланады:
• Әртүрлі аурулар кезінде жүкті әйелдерге антенатальды көмек көрсетудің кешенді тәсілі
• Прегравидальды дайындық және ұрықтың туа біткен ақаулары мен хромосомалық ауытқуларды азайту жолдары
• Бедеулікті диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілі
• Ерлер мен әйелдердің денсаулық жағдайы.
• Түсік түсіру және олардың репродуктивті денсаулыққа әсері.
• Гинекологиялық Эндокринология мәселелері
Конференция жұмысына Қазақстанның жетекші қауымдастықтары, отандық және шетелдік сарапшылар: денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар, акушер-гинекологтар, репродуктологтар, эмбриологтар, жалпы практика дәрігерлері, терапевттер, эндокринологтар, уроандрологтар, бастапқы буын онкологтары, көпсалалы стационарлар, Адам репродукциясы клиникалары, бейінді республикалық клиникалар мен медициналық ЖОО-лар қатысады.
Астана Медицина Университетінің № 1 Акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологы, профессор Зайтуна Хамидуллинаның айтуынша, гинекологиялық аурулар, ана мен бала өлімінің жиілеуі, бедеу жұптар мен түсік тастаудың ұлғаюына байланысты аталған конференцияны өткізу уақтылы, әрі өте маңызды болып табылады.
Конференция екі күнге созылады, оның барысында сарапшылар МСАК-тың негізгі базалық сипаттамаларын және негізгі 4 атрибутты қолдау қажет болатын барлық бастапқы буын мамандары үшін іс-шараларды анықтау мәселелерін талқылайды, атап айтқанда: өңірлер мен республика деңгейінде халықтың репродуктивті денсаулығын арттырудың көпсалалы тәсілдерін әзірлеу мақсатында бастапқы байланыс, үздіксіздік, қамту және үйлестіру.