Жаңалықтар

Күйеуі көшеде киімін жыртқанша ұрып-соққан (Видео)

Қаңтар айының соңында Астана тұрғынына күйеуі шабуыл жасап, өлтіріп тастай жаздаған. Келіншек басынан кешкендері туралы айтып берді, деп newsroom.kz хабарлайды stan.kz дерккөздеріне сілтеме жасай отырып.

Күйеуінен оңбай таяқ жеген елордалық Шахноза ол жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Айтуынша, жанжал көбіне қызғаныштан туған. Соңғысы шектен шықты дейді. Көшеде ұрып-соғып, тіпті үстімдегі киімімді жыртты деп отыр. Қасақана жасаған бұл әрекеті үшін Заң алдында жауап берудің орнына күйеуінің бостандықта жүргенін түсінбей дал. 

Елімізде 2020 жылғы көрсеткіш бойынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 79 мыңға жуық адам заң органдарына жүгінген.  Көрсеткіштердің санына қарасақ жаға ұстатарлық. Жыл өткен сайын отбасындағы кикілжіңге шағымданушылар көбейіп келеді.

[embed]https://youtu.be/pM9w12lDeRo[/embed]

 

Елордалық полиция департаменті қазір тергеу абақтысында осы отбасылық зорлық-зомбылық бойынша отырғандармен түсіндірме жұмыстарын бастады. Көріп отырғанымыздай мұндағылардың барлығы бір-бір үйдің отағасы. Мамандарды алаңдатып отырғаны да сол, ол отбасылық жанжал соңы өліммен аяқталып жататыны. 

“Былтырғы жылы өзінде 3 өлім тіркелді. Оның екеуінде бұрын соңды полицияға хабарласпаған. Әйелдер жылдар бойы айтпай сақтап жүре берген”, – дейді Астана қалалық полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Гүлмира Шрахметова.

Уақытша оқшаулау изоляторында отырғандардың көпшілігі әйелін соққының астына алғандар. Дегенмен, олар кінәні өзінен емес, әйелге танудан жаңылар емес.    Абақтыдағы түсіндірме жұмыстарына арнайы келген әкелер қоғамдық бірлестігі төрағасы Мақсұтбек Айтмағамбет болса, отбасының құндылығын сөз етті. Әйел мен ер адамның рөлін түсіндіріп, әкелермен сұхбаттасты.  

“4 бала болсын, 2 бала, 1 бала болсын. Кез-келген жағдайда балаларды ойлау керекпіз.  Ертең бала өспей ма? Өседі. Ертең әке деп айтама, айтат. Ертең үйленбей ма, үйленеді. Бізге бәрі оңай секілді көрінеді. Олай емес. Ұрдың кеттің емес. Әкенің рөлін түсіну керекпіз. Әке деген кейс емес, банкомат емес, әке қорғаныш болу керек”, – дейді “Әкелер одағы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағамбетов.

Дегенмен темір тордың ар жағында отырған әкелер жасаған әрекетіне байланысты бірнеше күннен соң қамаудан босап шығады. Тіпті екінші рет түсетіндері де бар көрінеді. Мамандар ақылға емес білектің күшіне салғандарды жөнге салатын Заңның осалдығында мойындайды. 

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің дерегінше, Шахнозаның ісі бойынша қылмыстық іс қозғалып,  тергеу басталыпты. Сараптамалар тағайындалған. Істің немен аяқталары уақыттың еншісінде.

Фото: stan.kz