Тоқаевты халыққа жақын еткен үш себеп
Тоқаевты халыққа жақын еткен үш себеп
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел басқарған бір жылдың ішінде халықтың көңілінен шығатын бірнеше жобаны жүзеге асырды. Қиын жағдайда халықтың жанынан табыла білді. Осы ретте біз Мемлекет басшысының абыройын арттырған үш себепке тоқталуды жөн көрдік.
2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде президенттіктен кетті. Орнына заң бойынша уақытша Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев отырды. Кейіннен кезектен тыс президенттік сайлау өтіп, Тоқаев мырза жеңіске жетті. Оған да бір жылға жуық уақыт болған екен.
30 жыл бір адамның билік тізгінін толықтай қолында ұстағанынан кейін халықта басында Қасым-Жомарт Кемелұлына аздап күдікпен қарағаны жасырын емес. Шынын айту керек, үйренісе алмай жатты. Бірақ күннен-күнге қолдаушыларының саны артып келе жатқаны байқалады.
Халықтың жанды жерін дөп басты
Жаңа президентке елдің алдында жақсы абырой жинау үшін бірден ірі жоба керек еді. Тоқаевтың командасы осы жерде сәтті қимылдай білді. Яғни, халықтың тамырын дөп басты. Сол тұста Грузияның премьер-министрі Мамука Бахтадзе 600 мың адамның банктердегі берешектері жойылатынын хабарлағаны бар. Бұл жаңалық біздің елге де жетті. Әбден несиеден қиналған халық осындай қуанышты хабар бізде де болса деп үміттенген. Осы тұста ел Президенті сайланғанына 17 күннен кейін, яғни, 2019 жылдың 26 маусымында Үкімет пен Ұлттық банкке әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған халықтың кепілсіз тұтыну несиелері бойынша қарыздарын өтеп беруді тапсырды.
Олардың қатарына мына санаттағы адамдар кірді:
• Көпбалалы отбасылар;
• Асыраушысынан айырылып, жәрдемақы алып отырған отбасылар;
• Мүгедек балалары бар, 18 жастан жоғары жастағы мүгедектерді асырап отырған отбасылар;
• Атаулы әлеуметтік көмекті алушылар;
• Жетім балалар;
• Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелет жасқа дейін ата-анасынан айырылған 29 жасқа дейінгі азаматтар.
Сөйтіп, ұлттық банктің 2019 жылғы 2 шілдедегі №116 қаулысымен белгіленген тетіктердің көмегімен банктер мен шағын қаржыландыру орталықтары 30 шілдеге дейін 1 193 091 азаматтың 33,6 млрд теңге көлеміндегі айыппұлдары мен төленбеген несиелерінің өсімақысын кешірді.
Арысқа алғашқы күні баруы
24 маусым күні сағат 9.30 кезінде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім оқ-дәрі қоймасы жарылды. 3 адам оқиға орнында қаза тауып, жараланған 74 адам ауруханаға жеткізілді. Қаладағы 7600-ден астам ғимараттың 85%-ы қирап, жарамсыз болып қалды.
Осындай сәтте бірден Президент Тоқаев оқиға орнына жетті. Көзге үйреншікті емес жайт. Ауруханада жарылыстан зардап шеккендермен жолықты. "Президент қайда?" деп айтуға да мүмкіндік берген жоқ.
24 маусым күні сағат 9.30 кезінде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім оқ-дәрі қоймасы жарылды. 3 адам оқиға орнында қаза тауып, жараланған 74 адам ауруханаға жеткізілді. Қаладағы 7600-ден астам ғимараттың 85%-ы қирап, жарамсыз болып қалды. Осындай сәтте бірден Президент Тоқаев оқиға орнына жетті. Көзге үйреншікті емес жайт. Ауруханада жарылыстан зардап шеккендермен жолықты. "Президент қайда?" деп айтуға да мүмкіндік берген жоқ.
Ысырапшылдыққа жол жоқ
Жаңа Президент қарапайымдылықты жақсы көреді. Тіпті, баспасөз хатшысының айтуынша, туған күнін де тойламауды әдетке айналдырған. Президенттің бұл "жақсы" қасиетін өзге шенеуніктерге сіңіруге біраз уақыт керек болу керек. Мысалы, 24 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында және түрлі форумдар өткізуге мораторий жариялауды ұсынды. - Қымбат көлік пен жиһаз сатып алу, түрлі форумдар, семинарлар мен конференциялар өткізу шығыстарына ұзақ мерзімді мораторий жариялауды ұсынамын.
Шаралар нақты тәжірибелік және идеологиялық пайда әкелуі тиіс, - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Былтыр ұлықтау рәсімін де тым қарапайым өткізді. Ақордадан рәсім өтетін жерге Қасым-Жомарт Тоқаев мотоциклдер бастаған үлкен кортежбен емес, бір ғана лимузинмен шықты.
Ал жақында қажетсіз процедураларды, келісімдер мен жиналыстарды, уақыт пен ақшаны босқа жұмсауды тоқтату керектігін айтты. - Қашықтан жұмыс істеу форматы маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдау кезінде заманауи технологияларды қолдануға сұраныс барын көрсетті. Үкімет, министрліктер, әкімдіктердің отырыстары мен жиналыстарын барынша қашықтан өткізуді ұсынамын, - деді Мемлекет басшысы.
Ақпарат: Oinet.kz порталынан