Енді туу куәлігін қайтара алу үшін онлайн өтініш бере аласыз

10 Желтоқсан, 2019 212 0

Егер балаңыздың туу туралы куәлігін жоғалтып не бүлдіріп алған болсаңыз, оның телнұсқасын алуға өтінішті ХҚО-ға бармай-ақ, онлайн беруге болады.

Әдеттегідей, сізге egov.kz көмектеседі. 

Ең алдымен порталда авторланып, «Туу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу» қызметін таңдаңыз. Оған онлайн сұрау салып, ЭЦҚ-мен немесе бірретік парольмен қол қойыңыз. 

Мемлекеттік қызмет құнын төлеу үшін картаңызды пайдаланасыз, Қызмет құны – 1 АЕК.

Өтінішіңіздің қабылданғаны және дайын болғаны туралы ақпарат жеке кабинетіңізде көрінеді. 

Дайын құжатты алып кету үшін мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне жүгінесіз.  Өзіңізбен бірге жеке кабинетіңізге келген хабарлама мен жеке басты куәландыратын құжат болуы қажет.

Онлайн қызметті баланың туу туралы жазбасы 2007 жылдың 13 тамызынан бастап жазылған азаматтар ала алады

Тегтер: туукуәлігі, ХҚО-

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.