Жаңалықтар

Қызылордада келіні 70 жастағы енесін ұрып-соққан

Қызылордада келіні 70 жастағы енесін ұрып-соққан

«Қызылорда облысында енесін ұрып-cоққан келін жазаланды», деп newsroom.kz хабарлайды halyqline.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Оқиға Шиелі ауданында болды. Аудандық полиция бөліміне жергілікті азаматтан арыз түсті. Онда қолында тұратын 44 жастағы келіні өзін, ұрып-соққаны айтылған.

«Хабарлама негізінде бөлімнің учаскелік полиция инспекторлары тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде келіні 70 жастағы енесін ұрып-соққаны анықталды. Келіні 30 тәулікке қорғауға алынды. Қазіргі күні бұл отбасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде», – деп мәлім етті Шиелі аудандық полиция бөлімі.

Фото: Sputnik.kz