Жаңалықтар

Қаржы пирамидасын құру бойынша күдікті қазақстандық вайнер Түркияда ұсталды

Қаржы пирамидасын құру бойынша күдікті қазақстандық вайнер Түркияда ұсталды

Ақпан айында халықаралық іздеу жарияланған вайнер Әзімжан Саидбаев Түркияда қолға түскен, деп newsroom.kz хабарлайды exk.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Алматы қаласының полиция департаменті "Қаржылық инвестициялық пирамиданы құру және оған басшылық ету" бабы бойынша күдікке ілінген Әзімжан Саидбаевқа халықаралық іздеу жариялаған. Бірақ жеті айдан бері хабар болмаған. Ал онымен бірге осы іске қатысы бар деп күдікке ілінген Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауда отыр.

Журналист Михаил Козачков бүгін вайнердің Түркияда ұсталғанын жазды.

Түркияда халықаралық іздеуде жүрген комик-актер "Mudarabah Capital" қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген Әзімжан Саидбаев ұсталды. Ол ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің бірі ретінде де айыпталуы мүмкін, — деп жазды журналист.

Бірақ Қазақстан интерполы бұл ақпаратты әзірге растамай отыр.

Фото: Total.kz