Сұмдық! Си Цзиньпин сөйлеп тұрып қазақша мақал айтып жіберіпті
Сұмдық! Си Цзиньпин сөйлеп тұрып қазақша мақал айтып жіберіпті
Си Цзиньпин бірлік пен өзара көмек туралы айтқанда қазақ мақал-мәтелін мысалға келтірді, деп newsroom.kz хабарлайды kaz.people.cn дереккөздеріне сүйене отырып.
Соңғы жылдары халықаралық және аймақтық жағдай күрделі және өзгермелі болды. 2017 жылғы маусым айында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер Басшылары Кеңесінің 17-нші отырысында Си Цзиньпин қазақтың «Бірлік болмай - тірлік болмаc» деген мақал-мәтелін келтіріп, барлық елдердің қауіп-қатерлер мен кедергілерге қарсы тұруы үшін бірлесіп жұмыс істеу керектігін атап өткен болатын.
Си Цзиньпин: «Қазақстанда «Бірлік болмай - тірлік болмаc» деген мақал бар. «Шанхай рухынан» туындаған бекем бірлік Ұйым дамуының кепілі болып табылады. Біз бірлік пен ынтымақтастықтың озық дәстүрлерін қолдауға, жаңа және ескі мүше мемлекеттерді тығыз біріктіруге, саяси өзара сенімді тереңдетуге, өзара қолдауды арттыруға және бір-біріне бірдей қарайтын, бір-біріне көмектесетін, қауіпсіздікті бөлісетін тағдыры ортақ қауымдастық құруға тиіспіз».
Фото: russian.eurasianet.org