«Жүргеновтің» жігіттері жарап тұр

10 Желтоқсан, 2019 252 0

Кеше ғана Нұр-Сұлтан қаласында «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының осы жылғы иегерлері анықталды.

Ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында жыл сайын ұсынылатын сыйлық Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының екі бірдей білімгеріне қатар бұйырды.

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 4 курс студенті Макин Әділхан Құрманғалиұлы «Эстрада» номинациясы бойынша лауреат атанса, «Театр және кино» номинациясы бойынша аталмыш оқу орнының 2 курс магистранты Өтепберген Аян Өмірәліұлы марапатталған.

Естеріңізге салайық, еліміздегі барлық өнер ошақтарында қызмет ететін кәсіби мамандардың көбі Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясынан білім алған. Оқу ордасы студенттері мен түлектері отандық және шетелдік түрлі байқаулардың тұрақты қатысушылары және лауреаттары. Сондықтан ел арасында «Жүргенов академиясы – нағыз дарындылар зауыты» деп те айтылады.


Тегтер: «Дарын», Мемлекеттікжастарсыйлығы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.