Жаңалықтар

Сұмдық! Күйеуі бейтаныс адамдармен билеген әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірген

Сұмдық! Күйеуі бейтаныс адамдармен билеген әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірген

Шымкентте достарының туған күніне барған ерлі-зайыптының арасында жанжал шыққан. Дәмханадан қайтқан соң ер адам бейтаныс адамдармен билеген әйеліне қызғаныштан пышақ сұққан. Әйел ауруханада көз жұмды. Бұл туралы Шымкент қаласы Абай аудандық соты хабарлады, деп newsroom.kz жазады aikyn.kz дерккөздеріне сүйене отырып.

Іс материалдарына сәйкес, биыл 17 маусымда 48 жастағы ер адам сыныптасының туған күніне дәмханаға барған. Бірінші әйелімен ажырасып, екінші рет некелескен ер адам әйелін өзімен бірге алып барған. Ол әйелін достарымен таныстыруды көздеген. Алайда жұбайлар арасында дәмханада қызғаныштан жанжал туған. Ерлі-зайыпты бейтаныс адамдармен билеген.

Әйелімен сөзге келіп қалған ер адам дәмханадан жаяу шығып кеткен. Ал әйелді үйіне ағасы жеткізіп салған. Ерлі-зайыпты үйде кездескен кезде күйеуі оған пышақ ала жүгіріп, арқасынан терең жарақат салған. Әйел дауыс шығарып, айғайлап үлгерген. Сол сәтте аулада көлікте отырған әйелдің ағасы оған көмекке келген. Ол күйеу баласын пәтерден жүгіріп шыққан кезде көрген. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимай көз жұмған.

Күдікті қамауға алынды. Оған абайсызда жәбірленушінің денсаулыққа ауыр зиян келтіріп, өлтірді деген айып тағылды. Абай аудандық соты ер адамды кінәлі деп тауып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Әйелдің артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Stan.kz