Жаңалықтар

Сұмдық! Атырауда ауыр дертке шалдыққан жасөспірімді көлікте зорламақ болған

Күдікті сәл болғанда оның шарасыз жағдайын пайдаланып кетпекші болған, деп newsroom.kz хабарлайды exk.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Бұл ақпарат Telegram-дағы арналардың бірінде шықты. Ондағы мәліметке сай, жасөспірім қыз церебралды сал дертіне шалдыққан. Анасы оны жаттығуға алып бара жатқан кезде қыз ұйықтап қалған екен. Шешесі сол сәтте дүкенге кіріп кеткен. Артынша автомобильге белгісіз ер адам еніп, ішіндегі қызымен бірге айдап қашқан. Көлігін таппай қалған тұрғын дереу полицияға хабар беріп үлгеріпті.

Атырауда жасөспірім қызды көлікте зорламақ болған ер адамның ұсталғаны жайлы Экспресс К жазған болатын. Полицейлер күдіктіні көліктің жүк салғышында жартылай жалаңаш отырған жерінен тапқан.

Фото: exk.kz