Жаңалықтар

Жұрттың баласы! Өзбектер Hugo Boss-тың киімін тіге бастады

Жұрттың баласы! Өзбектер Hugo Boss-тың киімін тіге бастады

Наманган облысының Давлатабад ауданында «Фазман Текстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әлемдегі ең ірі брендтердің бірі Hugo Boss (Германия) компаниясымен бірлесіп еуропалық стандартқа сай тігін бұйымдарын шығаратын кәсіпорынды іске қосты, деп newsroom.kz хабарлайды. Құны 40 миллион долларды құрайтын кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1 миллион дана дайын өнімді құрайды. Мұнда классикалық костюмдер, ерлер мен әйелдерге арналған киімдер тігіледі. Жобаның құны 40 млн долларды құрайды.Жоба іске қосылғаннан кейін 3000 жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаны жүзеге асыру үшін Германия мен Түркиядан заманауи қондырғылар әкелініп, орнатылды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1 миллион дана дайын өнім, ал жылдық экспорт көлемі 15 миллион долларды құрайды. Компания классикалық костюмдерді, сондай-ақ Hugo Boss брендімен ерлер, әйелдер және балалар киімдерін шығаратын болады. Еске салайық, облыс Waikiki (Түркия), Baldessarini (Германия), ZARA (Испания) сияқты ірі брендтермен бірлесіп, дайын тоқыма өнімдерін де шығарады. Фото: spot.uz