"Меломен" тобының жігіттері Байзақованың көзін құртпақ

02 Тамыз, 2018 1018 0

Осыдан біраз уақыт бұрын қамшымен біраз іс тындырмақ болған "Меломен" тобы өз істерін аяқсыз қалдырған еді. Алайда топ жігіттері бұл істі тектен-текке қалдырмайтынын, Байзақованың көзін құртуға тырысатындарын мәлімдеді деп хабарлайды "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Ешқашан қоя салмаймыз. Барынша көзін құртуға тырысамыз. Қолымыздан ештеңе келмесе де, сөзімізбен тиюға тырысамыз. Еліміздегі заңның шеңберінен шыға алмағандықтан, тек насихат айта аламыз.
Ұлы фамилиядан садаға кеткір ол қызды өмір бақи айтып кетеміз. Кейбіреулер "Ол өмірде ондай емес. Сол кейіптегі адамдардың бейнесі" деп айтып жатады. Бірақ бізге оның керегі не? Сондықтан өмір бойы қарсымыз", - деді "меломендік" жігіттер.

Тегтер: Меломен, Байзакова, Жаза

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.