Жаңалықтар

Сұмдық! Моңғолия халқы жаппай шеруге шығып, үкімет үйін басып алуға әрекеттеніп жатыр

Моңғолия халқы жаппай шеруге шықты. Тұрғындардың ашуға булыққаны сонша олар үкімет үйін басып алуға әрекеттеніп жатыр, деп newsroom.kz хабарлайды 24.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

БАҚ өкілдері таратқан ақпарға сай, халықтың көтерілуіне саясаткерлердің экспорттық көмірден түскен қаржыны жымқыруы түрткі болған. «Шенеуніктер шамамен 13 млрд долларды қолды қылды», деп айыпталып жатыр. Енді ел азаматтары осы іске қатысы барлардың есімін атауды талап етуде. Айта өтейік, Моңғолия Қытайға көмір экспорттаған болатын. Алайда елден шығарылған көмір көлемі Қытай қабылдаған мөлшермен бірдей болмай шықты. Кейін көрші елдің билігі осы алаяқтық схеманы әшкерелеп, жауапты тұлғаларды жазалаған. Сонымен қатар, Моңғолия премьеріне осы іске қатысы бар жергілікті саясаткерлердің есімін де жолдаған. Фото: 24.kz