Жаңалықтар

Екібастұзда 70 жасар кісі өз пәтерінде үсіп өлген ба?

Екібастұзда 70 жасар кісі өз пәтерінде үсіп өлген ба?

WhatsApp желісінде Павлодар облысының Екібастұз қаласындағы қарт тұрғынның үсіп өлгені туралы әңгіме тараған болатын. Алайда полиция бұны жоққа шығарды, деп newsroom.kz хабарлайды exk.kz дереккөздеріне сүйене отырып. Pavlodarnews.kz ақпарат агенттігінің жазуынша, мамандар ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілерін де таппаған. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі шынымен де үйлердің бірінде зейнеткердің қайтыс болғанын, бірақ оған пәтердің суық болуы себеп еместігін түсіндірді. Полицияның мәліметінше, зейнеткер көзі тірісінде қан қысымынан зардап шеккен. Жедел медициналық жәрдем станциясы сағат 17:32-де Екібастұз қаласындағы пәтерлердің бірінде ер адамның есінен танып қалғаны туралы хабарлады. Медициналық қызметкерлер 8 минутта жетті. Оқиға орнында дәрігерлер 70 жастағы ер адамның көз жұмғанын анықтады. Ешқандай үсік белгілері байқалмады, — деді станцияның баспасөз қызметі. Ер адам көз жұмған кезде оның жұбайы қасында болған. Фото: exk.kz