«Отандастар» қорының бастамасымен әрі қолдауымен жаңа кітаптардың тұсаукесері өтті

09 Желтоқсан, 2019 481 0

2019 жылдың 28 қарашасында  «Отандастар» қорының бастамасымен әрі қолдауымен жарық көрген «Қазақ әлемі» (2 том қазақ тілінде) - «Мир казахов» (2 том орыс тілінде) кітаптары жобасының тұсаукесері өтті.

Өмірбаяндық циклдің қазақ-орыс тілдерінде жазылған екі томдық алғашқы екі жинағында шет елдерде тұратын, өз саласында көш басынан көрініп жүрген танымал 50 қазақтың әңгіме-сұхбаты қамтылған. Ғалымдар, бизнесмендер, спортшылар, артистер, компания жетекшілері - олардың әрқайсысының өзіндік тарихы бар.

Өзге елдерде елеулі жетістіктерге қол жеткізген қандастарымыз өз өмірі, таңдаған жолы мен болашаққа жоспарлары туралы өздері әңгімелейді.

Туған жерден шалғайда жүрсе де, олар шеттегі қазақтардың басын қосып, әркез қолдау көрсетуге дайын. Олар әлемнің түпкір-түпкірінде: Англия, Германия, Нидерланды, АҚШ, Жапония, Қытай, Түркия, т.б. мемлекеттерде қазақ қоғамдарын құруда. Қазір жолыңыз түсіп, қай елге бара қалсаңыз да, белсенді һәм білімді қандастарымыз құрған бірлестіктерді тауып алуға мүмкіндік бар.

“Осы кітап арқылы біз қазақ деген қасиетті ұлттың біртұтас, мызғымайтын мықты әрі аса қабілетті халық екенін, қай елді, қай жерді мекен етсе де, ұлттық болмыс-бітімін, түп-тамырын жоғалтпайтынына отандастарымыздың назарын аударғымыз келді. Сондай-ақ, қазақтардың әлемдік қауымдастықтағы өзіндік бірегей орнына, қонақжайлылық, кеңпейілділік, үлкенге құрмет, кішіге ізет сынды құндылықтарын әлемге өз салт-дәстүрі, музыкасы мен көркемөнері, мінез-құлқы арқылы танытып келе жатқанына кеңірек тоқталып, көбірек көңіл бөлуді мақсат еттік” - дейді ұйымдастырушылар

Тегтер: «Қазақәлемі», кітап, тұсаукесер

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.