Дильназ Ахмадиева перзентханадан шыққан кездегі суретімен бөлісті
Дильназ Ахмадиева перзентханадан шыққан кездегі суретімен бөлісті
Наурыз айында ұлды болған Дильназ Ахмадиева перзентханадан шыққан кездегі фотоларын енді ғана көпшілік назарына ұсынуды жөн көрген. 39 жасында тұңғышын босанған өнер иесі еш жерде жарияламаған отбасылық мұрағатымен бөлісті, - деп жазады NewsRoom+ тілшісі KAZ.NUR.KZ. ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Дильназ Ахмадиева Instagram парақшасында өзін перзентханадан алып кетуге кімдер келгенін көрсетті. Әнші өміріндегі бақытты күндердің бірінде оның қасынан жолдасы мен ата-анасы табылған.
Эстрада жұлдызы өзге әріптестері секілді перзентханадан шығу сәтін той секілді атап өтуді құптамайтын көрінеді. Оның үстіне өнер иесі отбасылық өмірін барынша жасырын ұстауға тырысады. Ахмадиева әлі күнге дейін баласының түрін көрсеткен жоқ.
"Перзентханадан шыққан кездегі мұрағаттағы фото. Біз өте тез шықтық. Барша жақындарым мен туыстарымның келе алмағаны өкінішті. Ол кезде карантин жарияланып қойған еді. Ұлымыздың дін-аман болып дүниеге келуіне септігі тиген дәрігеріміз бен емханамызға алғыс айтқым келеді.. Тағы балалы болып жатсам, міндетті түрде сіздерге барамын" , - деп жазды Дильназ Ахмадиева.
Айта кетейік, бұған дейін Дильназ Ахмадиеваның алғаш рет ана атанғанын хабарлаған болатынбыз. Эстрада жұлдызы мен жары ұлды болды.