Өзгенің қылмысы үшін 11 жыл түрмеде отырған адам бостандыққа шықты

09 Желтоқсан, 2019 222 0

Қытайда 11 жыл бойы біреудің қылмысын мойнына арқалаған адам босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентті AsiaOne  басылымына сілтеме жасап.

2008 жылы 51 жастағы Ли Цзянонға көршісі 75 жастағы Цао Цзюйинді өлтірді деген айып тағылып, өлім жазасына тағайындалған. Бірақ жаза мерзімі шегеріле берген. Сол уақыттан бастап түрмеде болған.

Цзюйин 2007 жылдың соңында қаза болған. Оның денесі өзі зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс істеген цемент зауытының маңында табылған. Әйел адамның аузы излоентамен оралып, қатты затпен ұрғандықтан басында жара қалған.

Полиция қызметкерлері Цзюйинді таныс адам өлтірді деген қорытынлыға келіп, көрші тұрған Ли Цзянонгті тұтқындаған. Тергеу жұмыстары оның мотивын, қылмыс құралын, орнын анықтай алмаған.Соған қарамастан ер адамды кінәлі деп тауып, соттаған.

Он жыл өткен соң, Цзянонгтың туыстары қылмыстық істі қайта қарауға мүмкіндік алған. Бұл жолы оны кінәлі деп танитын дәлелдер жеткіліксіз деп танылып, үкім жойылған


Тегтер: Қытай, түрме, қылмыс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.