Туристерге Алматыны тегін аралауға мүмкіндік берілмек

09 Желтоқсан, 2019 191 0

2020 жылы Алматы қаласына келген туристер шаһарды тегін аралай алады. Бұл туралы "ТИЦ Visit Almaty" компаниясының директоры Марлен Маралов айтты, деп хабарлайды Newsroom тілшісі. 

Оның айтуынша, қалалық әкімдік пен "ТИЦ Visit Almaty" компаниясы алдағы жылы арнайы жобаны қолға алмақ.

"Ақпарат орталықтарының санын 15-ке жеткізуді көздеп отырмыз. Мұнда оңтүстік астанаға келген турист тегін ақпарат ала алады. Сондай-ақ 2020 жылы "туристің жиынтығы" атты жобаны жүзеге асырғалы отырмыз", - деді Марлен Маралов Алматыда өтіп жатқан Қазақстан бойынша ІV ақпараттық-экскурсиялық турда.

Сондай-ақ директор жаңа жоба туристерге қандай мүмкіндік беретінін түсіндірді. 

"2020 жылы "турист жиынтығы" жобасы аясында Алматыға келген турист тегін sim-карта, 200 мегабайт тегін интернет пен Onay картасын алады. Осылайша, қонақ қаланы тегін аралауға мүмкіндігі бар", - деді директор.

Сонымен қатар Марлен Маралов бұл жобаға мемлекеттен қаржы бөлінбейтінін атап өтті. Ол ақша жеке компаниялардың алынатынын жеткізді.

Айта кетейік, бүгін Алматыда IV-ақпараттық-экскурсиялық тур өз жұмысын бастады. Шараны ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Kazakh tourizm ұлттық компаниясы өткізуде.

Тегтер: Алматы, турист, шаһар, 2020жыл

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.