Парижде Зеленский мен Путин кездеседі

09 Желтоқсан, 2019 123 0

Парижде 9 желтоқсанда Донбасстағы жағдайды реттеуге байланысты "норманд форматы" бойынша кездесу өтеді. Бұл туралы centralasian.org сілтеме жасап, Newsroom.kz хабарлайды.

Украина, Германия, Франция және Ресей лидерлері соңғы үш жылда бірінші рет келіссөз үстеліне отырады.

Саммит алдында 8 желтоқсанда Киев орталығында наразылық акциясы өтті. AFP агенттігі мәліметінше, оған бес мыңға жуық адам қатысқан.

Нарызылық шарасына Жоғарғы раданың оппозициялық фракция өкілдері – "Еуропалық ниеттестік", "Батькивщина", "Дауыс", "Азаттық" партиясы өкілдері қатысты. Олар ел президенті Владимир Зеленский бұл кездесуге қатыспауы керек еді дейді.

Наразылық шарасын өткізушілердің басты талабы – мемлекет тұтастығын сақтау, Донбасстан Ресей әскерін шығармайынша сайлау өткізубеу және Қырым мәртебесіне қатысты келіссөздерден бас тарту, сонымен бірге Ресейді халықаралық сотқа беру.

Тегтер: Украина, Зеленский, кездесу, Париж

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.