Күйеуін туған сіңлісімен ұстап алған келіншек мұңын шақты

09 Желтоқсан, 2019 346 0

Күйеуін туған сіңлісімен ұстап алған әйел өзінің жан сырымен бөлісті. Newsroom.kz порталына хабарласқан келіншек, ішіндегі өкінішін жан баласына айта алмай қиналып жүр.

Алматылық Аида есімді келіншектің күйеуімен отасқанына 8 жыл болыпты. Осы уақыт аралығында шекесі торсықтай екі ұлдың ата-анасы атанған. Басында үлгілі, мінсіз отбасы кейпінде жүрген ер мен әйелдің ара қатынасы тек бес жылдан кейін ғана өзгере бастаған. Оған күйеуінің жұмыстан кеш қайтып, әйеліне мүлде назар аудармай қоюы себеп болыпты.

«Алғашында, екеуміз екі жақтап ақша жинап, пәтер аламыз деп, -  жұмыс істедік. Біз үшін еңбектеніп жүр ғой деп, мән бермейтінмін. Кейіннен балаларымды бағып, көмектесуге студент сіңлімді әкеліп, өзім екі ауысымға жұмысқа шықтым. Ол кезде күйеуімнің жұмыстан нешеде қайтып жүргенін де байқамайтынмын. Бірақ, оның менен суып жүргенін сездім», - дейді екі баланың анасы.

Арадан біршама уақыт өткенде Аида туған сіңлісі мен азаматының үстінен түседі. Ол кезде ерлі-зайыптылардың арасы мүлдем суып кеткен екен. Ең қызығы, күйеуі оған мән бермек тұрмақ, адам қатарына қоспайтын болыпты. Сіңлісі де жасаған әрекеті үшін қысылмаған. Екі баламен шарасыз қалған әйел не істерін білмей, оқырманнан көмек сұрауда.

Тегтер: отбасы, әйел, күйеу, махаббат, секс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.