Өтірік жынды болам деп әскерден қашқан жігіттің әлегі

09 Желтоқсан, 2019 314 0

Бұл оқиға көршілес Ресей елінің Қазақстанмен шекаралас қалаларының бірінде – өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңында болған. 

Кеңес үкіметіндегі міндетті түрде әскери борышынан бас тартқан 18 жастағы жігіт өзінің 2 жылдық емес, 4 жылға созылатын әскери-теңіз күштеріне баратынын білген кезде, өтірік жынды болып, ауруханадан бір-ақ шығады. 

Ата-анасы мен сүйген қызынан бар шындықты жасырған ол – осы арқылы туған қаласына қайтып, дәнекерлеуші болса да тыныш өмір сүргісі келген. Ауруханада бірер апта болып, әскерден «ақ билетпен» қалам деген оның ойы көкке ұшып, алты ай жатып, әрең бас сауғалап шыққан. Психикасы шынында да ауысып, сау адамның әңгімесін айтқан кездерінде оған ешкім сенбейтін. Армандаған жұмысына орналасам дегенде дүние ауысып кеткен еді. Себебі, ол шыққан кезде заман мүлде өзгеріп, Одақ тарап, елдегі жағдай да күрт ауысқан болатын. 

Таныстарының айтуынша ол өз ісіне қатты өкініп, әскерге бара салу керек еді деп жиі бармақ шайнаған. «Жоқ дегенде еркектік борышым әскери қызметті теңізде өтесем де 90-шы жылдардың басындағы қиын кездерде біраз жұмыс істер едім» - деген оны кім қалай жұбатарын білмеген.

Тегтер: әскер, жігіт, оқиға, шекара, солдат

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.