Әкелерді төрге шығарайық !

08 Желтоқсан, 2019 251 0

Әке де,ана да қашанда құрметке лайық. Бізге жарық дүние сыйлаған жандардың жарық бейнесі жылдар өткен сайын жүрегіңді сағынышқа толтырады екен.

Олар келместің кемесіне мініп кеткен күннен бастап, жаның үнемі бір жалғыздықты сезінеді. Көптің арасынан асылдарыңды іздейсің де жүресің.

Бірақ таппайсың, жүрегің мұңға толады. Жан дүниең ерекше тебіренген күні қолыңа қалам аласың...

Мен әкесі тек төрде отыратын үйдің қызы едім. Асыл анам кішкентайымыздан әкемізді сыйлап үйретті. Әкенің қабағына қарап өстік.Олар бұрынғының әкелері еді!

Бүгінде керісінше әйелінің ,баласының қабағына жаутаңдап отыратын әкелер көбейіп кетті.

Кейбір әкелерге орын төрден емес,босағадан тиетін болды.Тепе-теңдік бұзылған соң кері кеткен істер де көбейді.

Қолымыздан келсе,әкелерді төрге шығаруға ұмтылайықшы! Әкелер де сол құрметке лайықты болсын!

"ӘКЕГЕ ҚҰРМЕТ"-ті тыңдай отырыңыздар!

Осы роликті жасап берген Жібек досыма алғысымды айта отырып,өз парақшамда сақтап қояйын деп шештім.

Кештеріңіз қашанда жарық болсын,достарым!

Фәтима Жүнісова

Сарыарқа тобы

Тегтер: әке, отбасы, бала, құрмет

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.