weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шығыс Қазақстанда ірі өрт болды

Шығыс Қазақстанда ірі өрт болды

Шығыс Қазақстанда ірі өрт болды
ашық дереккөзі
Бұқтырма су қоймасы жағалауындағы жергілікті демалыс аймағында үш үй, жақын маңдағы аумақ пен орман отқа оранды. Бұқтырма су қоймасы жағалауында өрт шықты. "Яры" демалыс базасы отқа оранды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті жалын үш үй (адамдар тұрмайды) мен орманды шарпығанын хабарлады. Төтенше оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары, жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, орманшылар мен жергілікті тұрғындар жетті. Жалпы саны - 21 адам.
Ірі өрттің видеосы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Еске сала кетсек, 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында "Семей орманы" резерватында ірі өрт шықты. Жалын мемлекеттік орман қорының аумағын да шарпыды. Құтқарушылар өртті 25 сәуір күні ауыздықтады. 3 948 гектар аумақ отқа оранды.
Ақпарат: Sputnik.kz порталынан