19 Мамыр несімен ерекшеленеді ?

19 Мамыр несімен ерекшеленеді ?

ашық дереккөзі

Мәдениет еркіндігі күні . Жыл сайын мамырдың үшінші сенбісінде атап өтіледі. Атаулы күнді белгілеуге 2012 жылы білімге технологиялар арқылы еркін қол жеткізуді насихаттайтын Digital Freedom Foundation коммерциялық емес ұйымы бастамашыл болды. Еуропада Халықаралық көршілер күні . Осы мейрамның негізін қалаған франциялық белсенді Атаназ Перифан болды. Ол 1990 жылы адамдардың әлеуметтік байланыстарын нығайту мақсатында оқшаулауға қарсы күресу үшін өз достарымен бірге Парижде «Paris d'Amis» қауымдастығын құрды Бүгін - пионер ұйымының туған күні. 1922 жылы 19 мамырда комсомолдардың бүкiлресейлiк конференциясы жаппай пионерлер отрядтарын құру туралы шешiм қабылдап, сол күнi бүкiлодақтық пионерлер ұйымы құрылған едi. Екi жылдан кейiн оған күн көсемнiң аты берiлiп, пионерлер Лениннiң бейнесi салынған төсбелгi мен қызыл галстуктi тағынатын болды. 19 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар 1649 жылы Англия республика болып жарияланды; 1802 жылы Наполеонның бастамасы бойынша Францияда Құрметті легион ордені бекітілді; 1907 жылы Финляндияның футбол қауымдастығы құрылды. 19 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 1995 жылы Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен банкнот фабрикасы ашылды; 2005 жылы Астанада Беларусь Республикасының Қазақстандағы елшілігі ашылды; 2011 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медалі бекітілді; 2014 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бейбітшілік ісін қамтамасыз етуге және оның гүлденуіне  қосқан үлесі үшін "Жібек жолы әлемі" сыйлығы берілді;

Жүктелуде...