Сайлау сәтті өтті
Сайлау сәтті өтті
Күні кеше еліміз үшін тарихи оқиға орын алып, Президент сайлауы өтті. Саяси науқанға халық қызу дайындықпен қатысты. Әрқайсы Қазақстан Республикасы азаматы ретінде белсенділіктерін көрсетіп, таңмен таласа дауыс беруге асықты.
Сайлау учаскелерінде де дайындық жұмыстары жоғары болды. Түрлі іс-шаралар орын алды. Сайлаушыларға сыйлықтар үлестірілді. Бұл сайлау әділ, ашық, еш құқық бұзушылықсыз өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев айқын басымдылықпен жеңіске жетті. Президентке ендігі істеріне сәттілік тілеп, қолдау білдіреміз.
Жаңа Қазақстанды дамытуға әр адам үлесін қосу керек. Мемлекет – баршамыздың ортақ үйіміз. Елде болып жатқан саяси өзгерістерге бей-жай қарамай, тың өзгерістерге атсалысуымыз қажет.
Роза ҚУАТБЕКОВА