Жаңалықтар

Болашақтан күтер сенім жоғалмасын

Болашақтан күтер сенім жоғалмасын

2022 жылдың 20 қарашасында еліміз Қазақстан үшін лайықты таңдауымызды жасады. Ең маңыздысы сайлау әділ өтті. Өз басым еліміздің болашағы үшін бейжай қарамайтын отандастарымызды көрген сайын еліміздің болашағынан зор үміт күттім. Әркім өз таңдауын жасады. Мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі - Әділетті Қазақстан үшін дауыс берді. Болашақ ұрпақ еліміздің ертеңі, мақсатқа жетер жолымыз айқын, үміттер ақталсын деп тілеймін. Әлем өркениетінің қым- қиғаш кезеңдерінде Қазақ халқы нық қадаммен барлық кедергі, дағдарыстан өтеді деген ойдамын. Жаңа Қазақстан талабы айқын өмірді құрудың кепілі болсын!
Жанар Бекмырзаева, ардагер ұстаз